|
Иманнан Ихсанға Тасаввуф |
|
|
|
Кітаптар -
Діни кітаптар
|
|
Бұл кітапта тасаввуф хақындағы мәліметтер, оның мән-мағынасы мен ұғымы Құран-хадис ақиқаттары бойынша баяндалады. Сондай-ақ Аллаһ достарының тілдегі, ділдегі және діндегі ахуалдары да қоса қамтылады. Әсіресе құлшылық барысында шынайы ықылас танытуға кедергі болатын нәпсіні тізгіндеу жолдары мен тазарту түрлері ғибратты қиссалар арқылы баяндалады.
Кітап рухани тәрбие жолында кәміл имандылық пен адамгершілік қасиеттерді жолдас етпек болған барша қауымға арналады.
|
|
Адам деген жұмбақ әлем |
|
|
|
Кітаптар -
Діни кітаптар
|
|

Исламтанушы ғалым Осман Нұри ТОПБАШ ұстаздың «İnsan Denilen Muamma» атты шығармасы «Адам деген жұмбақ әлем» атымен Қазақ тіліне аударылды. Бұл еңбекте адамзат деген жұмбақты шешу бағытында Құран Кәрім, Хадис және Мәуләнә Жәләләддин Руми сынды даналардың өсиет сөздерінен мысалдар мен үзінділер келтірілген. Адамның ішкі жандүниесі мен сыртқы дүниесі хақындағы қамтыған тақырыптары және тілге тиек еткен мәселелер шын мәнінде өте назар аударарлық.
|
|
Мәснәуи дариясынан АБЫЛХАЯТ ТАМШЫЛАРЫ |
|
|
|
Кітаптар -
Діни кітаптар
|
|

Исламтанушы ғалым Осман Нұри ТОПБАШ ұстаздың «Mesnevi
Deryasından AB-I HAYAT KATRELERİ» атты шығармасы «Мәснәуи дариясынан Абылхаят тамшылары» деген атпен Қазақ тіліне аударылды. Бұл шығармада Мәуләнә Жәләләддин Румидің әйгілі еңбегі Мәснәуиден үзінділер келтіре отырып, адам баласының жақсы-жаман мінездері және оны туралыққа бағыттайтын тақырыптар орын алған. Адамзатқа опашыл болуды, адамгершіл болуды үндейді.
Кітап барша оқырман қауымға арналады.
|
|
Менің шынайы дінім 2 |
|
|
|
Кітаптар -
Балалар кітабы
|
|
Бұл екі бөлімнен тұратын кітап тек бүлдіршіндерге ғана емес, сонымен қатар өзін мұсылман санайтын барша ересектерге де арналады. Кітапта Ислам дінінің бес тірегі, яғни мұсылман кісінің атқаруы тиіс негізгі шарттар жан-жақты қырынан, кеңінен сөз болған. Кітаптың бірінші бөлімінде ғибадаттың маңыздылығы мен оған жауапты болғандардың үкімдері, сондай-ақ дәрет алу, ғұсыл құйыну, таяммум алу, әсіресе намаз оқудың шарттары мен орындалу тәртібі анық көрсетілген. Ал екінші бөлімінде ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару және Құрбан шалу сияқты құлшылықтардың өзегі сөз етілген.
|
|
Менің шынайы дінім 1 |